Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлытау облысының экс-әкімі Президент әкімшілігіне қызметке тағайындалды

12:11, 10 тамыз 2026

Дастан Рыспеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды, деп жазады Alash.kz.

Дастан Адайұлы Рыспеков 1984 жылы 23 маусымда Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Жоғары білімді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «мемлекеттік және жергілікті басқару» бағыты бойынша алған (2005 жыл), кейін КАЗГЮУ Алматы заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2008 жыл), ал 2022 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқуын аяқтап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті түсімдер болжамы бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

2007-2011 жылдар аралығында сол департаменттің экономикалық саясат және салалық жоспарлау бөлімін басқарған.

2011 жылдан 2012 жылға дейін Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының жоспарлау, есепке алу және ақпараттандыру бөлімін басқарды.

2013-2015 жылдары Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің жоспарлау және мониторинг секторының меңгерушісі лауазымын атқарды.

2016 жылдан 2018 жылға дейін «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры — бас бухгалтері болды.

2018-2019 жылдары Павлодар облысының Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасын басқарды.

2019-2020 жылдар аралығында «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылдан 2023 жылға дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетін басқарды.

2023-2024 жылдары Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2024 жылғы наурыздан қазанға дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.

2024 жылғы 9 қазаннан 2026 жылғы 17 шілдеге дейін Ұлытау облысының әкімі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар