Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы халықаралық турнирде топ жарып, алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Alash.kz.
Дүбірлі бәсеке барысында отандық спортшы жалпы төрт кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ол алғашқы кездесулерінде америкалық спортшылар Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатені 3:0 және Эндрю Цаоны 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Ал шешуші финалдық жекпе-жекте Алан Австралия спортшысы Чулун Неден 3:1 есебімен басым түсіп, турнирді бірінші орынмен аяқтады.