Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихи нәтиже: Бейбарыс Ерсейіт екі алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты

11:45, 10 тамыз 2026

Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр, деп жазады Alash.kz.

Қазақстандық ауыр атлет Ерсеит Бейбарыс 65 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде өз өнерін сәтті аяқтады.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, спортшы жұлқа көтеру және қос сайыс қорытындысы бойынша екі алтын медаль жеңіп алып, жұлқа көтеру және қос сайыс қорытындысы бойынша екі Азия рекордын жаңартты. 

Ерсеит Бейбарыстың нәтижесі:

Жұлқа көтеру - 129 кг

Серпе көтеру - 152 кг

Қос сайыс қорытындысы - 281 кг

Сенімді өнер көрсеткен Ерсеит Бейбарыс Азияның ең мықты атлеті атанып, өз салмақ дәрежесінде басқа елдердің спортшыларына мүмкіндік бермеді және құрлықтың ауыр атлетика тарихына өз есімін жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар