Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алан Құрманғалиев АҚШ-тағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

09:45, 10 тамыз 2026

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Alash.kz.

Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты (АҚШ) 3:0 және Эндрю Цаоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді.

ҰОҚ мәліметінше, финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен ұтып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар