Қырғызстанның Кемпірабад су қоймасының жағалауынан басы денесінен бөлек жатқан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға 7 тамыз күні Ош облысына қарасты Өзген ауданында орын алған. Құқық қорғау органдары өкілдерінің хабарлауынша, ақпарат түскен бойда оқиға орнына жедел тергеу тобы шұғыл жеткен. Қаза тапқан азаматтың денесін тексеру барысында оның басы денесінен шамамен 600 метрдей қашықтықта жатқаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта милиция қызметкерлері марқұмның аты-жөнін анықтаумен қатар, оның қандай жағдайда қаза тапқанын айқындау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ажалдың нақты себебін анықтау мақсатында тиісті сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиға бойынша арнайы тексеріс пен жедел-іздестіру шаралары әлі де жалғасуда.