Танымал блогер әрі сынықшы Айнұр Есмурзина TikTok арқылы танылған емші Бағдагүлге қатысты сотқа жүгінетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Alash.kz.
Айнұр Есмурзинаның айтуынша, Бағдагүл тікелей эфирлерінде оның есімін атап, өзі туралы түрлі ақпарат таратады. Блогер мұндай әрекетке қарсылық білдіріп, бұдан былай жағдай қайталанған жағдайда заң аясында әрекет ететінін жеткізді.
"Бағдагүлді енді қоймаса сотқа беремін. Шыдамның шегі бар... Мен ол кісі туралы сөз қозғамаймын. Ол болса әр эфиріне мені қосады. Бақытты адам біреуді сөз қылмас! Ниетін түсінбедім. Әлде мені айтып охват жинап отыр ма?!", - деді сынықшы.
Блогер бұл мәселеге қатысты ұстанымын әлеуметтік желі арқылы жариялап, өзіне қатысты ақпарат таратуды тоқтатуды талап етті.