Аргентинаның Росарио қаласындағы клиникада футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт бойы ем қабылдаған, деп жазды Alash.kz.

Хорхе Месси ұлының футболдағы мансабының қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Лионель Месси бала кезінде өсу гормоны тапшылығына байланысты ем қабылдаған. Қымбат тұратын терапия отбасы үшін үлкен қаржылық салмақ болған. Сол кезде ұлының емін жалғастыру үшін қажетті қаражат табумен негізінен әкесі айналысқан.
2000 жылы Лионель Месси 13 жасында отбасымен бірге Испанияға көшті. Бұған «Барселонаның» жас футболшының емделу шығындарын өз мойнына алуы себеп болды. Хорхе Месси ұлының жанында болып, оның клубта футбол мансабын жалғастыру туралы шешімін қолдады.
Хорхе Мессидің денсаулығына қатысты ақпарат биыл маусым айында белгілі болған. Сол кезде отбасы оның дәрігерлердің бақылауында екенін және жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлаған еді.