Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы өтетін транзиттік шектеулерді жою үшін Америка Құрама Штаттарына алты негізгі шарт ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz.
Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохаммад Бакер Золкадр Вашингтон Тегеранға қатысты ресми ұстанымын іс жүзінде өзгертпейінше, стратегиялық бұғаздағы шектеулер жеңілдетілмейтінін мәлімдеді. Мекеме басшысы кеңестің соғыс жағдайында да, дипломатиялық келіссөздерде де ешқашан кейін шегінбейтінін атап өтті.
Иран тарапы кеме қатынасын қайта жандандыру үшін АҚШ-тың мынадай талаптарды орындауын міндеттеді:
1. АҚШ Иран халқына бағытталған қорқыту мен қорлау әрекеттерін тоқтатуы тиіс.
2. Иранға және оның аймақтағы одақтастарына қарсы жасалып жатқан шабуылдар біржола тоқтатылуы керек.
3. Иранға салынған теңіз блокадасы мен барлық экономикалық санкциялар толықтай алынып тасталуы қажет.
4. Иранның шетелде бұғатталған қаржылық активтері кері қайтарылуы тиіс.
5. АҚШ-тың Иранға келтірген шығындары мен зияны үшін өтемақы төленуі шарт.