Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шұғыл эвакуациялады». Төтенше жағдай: Абай облысындағы кен орнында өрт шықты

17:51, 09 тамыз 2026

Абай облысындағы Ақтоғай кен орнында орналасқан KAZ Minerals компаниясының кен байыту фабрикасында өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, төтенше жағдай жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында орын алған. Тілсіз жау тұтанған сәтте нысанда мердігер мекеменің мамандары қызмет атқарып жатқан.

Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өндірістік аумақтан 20 қызметкер қауіпсіз жерге жедел эвакуацияланып, жалын дер кезінде толық сөндірілді.

Компания: «Оқиғаның экологиялық салдары жоқ», – деп хабарлады.

Қазіргі таңда оқиғаның келіп шығу себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар