Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алғашқы жүлдесі!»: «Челси» сапындағы Дастан Сәтпаев туралы қуанышты хабар тарады

18:15, 09 тамыз 2026

Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» сапына ауысқаннан кейінгі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ағылшындық гранд Indonesia Super Cup турнирінің жеңімпазы атанды. Джакартада өткен маусымалды матчта «Челси» италиялық «Миланмен» шеберлік байқасып, атақты қарсыласын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Жас қазақстандық форвард бұл ойында лондондықтардың ресми өтініміне енгізілгенімен, алаңға шыққан жоқ (Қосалқы құрамда болды). Осыған қарамастан, бұл жеңіс Сәтпаевтың ағылшын клубы құрамындағы алғашқы ресми трофейі болып тіркелді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар