Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесінде марқұмға салынған пышақ жарақаттарының егжей-тегжейі мен талап етілген өтемақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Сот-медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес, Шерхан Аймахан бойжеткенге барлығы 35 рет пышақ сұққан. Мамандар жарақаттардың сипаты мен орналасқан орындарын зерттеу барысында бірқатар соққылардың тереңдігі кемінде 7-8 сантиметрге жеткенін анықтады.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша, марқұм Нұрайдың денесінің көптеген бөлігіне, соның ішінде мойнына, бетіне, қолдарына, іш қуысына, иығына, кеудесі мен арқасына ауыр да терең пышақ жарақаттары салынған.
Бұдан өзге, сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты моральдық зиянды өтеу ретінде 10 миллиард теңге, ал келтірілген материалдық шығын үшін 14 миллиард теңге өндіріп алу туралы талап арыз түсірді. Осылайша, қорғаушы тарап талап етіп отырған жалпы өтемақы көлемі 24 миллиард теңгені құрап отыр.