Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«18 жыл бұрын болған»: Министрлік психиатриялық ауруханадағы қатыгездікке қатысты мәлімдеме жасады

19:38, 09 тамыз 2026

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысы Ақтас ауылындағы психиатриялық ауруханада науқастарға қатыгездік көрсетілді деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Alash.kz.

Мәлімдемеде: «Алматы облысы Ақтас кентінде орналасқан қарқынды бақыланатын мамандандырылған типтегі республикалық психиатриялық аурухананың пациенттеріне физикалық шектеулер қолданылды, ықпал ету шарасы ретінде дәрілік препараттар берілді және басқа да қадір-қасиетті қорлайтын әрекеттер жасалды деген әлеуметтік желілердегі мәлімдемелер расталған жоқ. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген ресми тексеру қорытындысы бойынша анықталды», – делінген.

Сонымен бірге министрлік өкілдері шулы жазба авторының мекеменің 7, 10 және 12-бөлімшелерінде емделген кездегі, яғни бұдан 18 жыл бұрын (2008 жылы) орын алды делінген жеке естеліктеріне сүйеніп отырғанын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар