Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемеге қатысты талқылаулардың түйіндемесін жариялайтын болады

15:47, 05 маусым 2025 110

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемеге қатысты талқылаулардың түйіндемесін жариялайтын болады, деп хабарлады ALASH.KZ.

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов коммуникациялық саясат аясындағы жаңа қадамды таныстырды.

 «Осы болжамдық раундтан бастап, үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме жөніндегі шешімге қатысты талқылау қорытындыларының түйіндемесін жариялауды бастайды. Бұл Комитет мүшелерінің белгілі бір шешімді қабылдаудағы логикасын ашып көрсету арқылы нарық қатысушыларына, қаржы институттарына және кең аудиторияға түсініктілікті арттырып, ашықтықты қамтамасыз етеді.

Бұл қадам Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатына деген сенімді күшейтеді деп сенемін. Толығырақ дүйсенбі күні сарапшылармен кездесуде айтамыз. Кейін түйіндемелер жарияланған сайын, қосымша сұрақтарға да жауап береміз», – деді Тимур Сүлейменов.

Еске салайық, бүгін Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде, +/-1 пайыздық дәлізімен сақтау туралы шешім қабылдады. Шешім нақты деректер, жаңартылған болжамдар мен инфляциялық тәуекелдер балансына сүйене отырып қабылданған.

 Бұл шешімге сыртқы сектордан бағаға түсетін қысым себеп болды.

Саудадағы келіспеушіліктер инфляциялық тәуекелдерді күшейтіп, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділікті тежеп отыр.

Инфляцияға тежеу әсерін қатаң ақша-кредит саясаты мен жоспарланған фискалдық консолидация шаралары жалғастырады.

Реттеуші бағалауы бойынша, тәуекелдер балансы проинфляциялық бағытқа ауысқан бұл базалық мөлшерлеменің 2025 жылдың соңына дейін сақталу ықтималдығын*арттырады.

 Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, Halyk Research және BCC Invest сарапшылары да базалық мөлшерлеме **16,5% деңгейінде сақталады деп болжаған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар