Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Төрт адам қаза тапты" - Жамбыл облысында ауыр жол апаты болды (ВИДЕО)

17:28, 24 қыркүйек 2026

Жамбыл облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты, деп жазады Alash.KZ

Қайғылы оқиға 20 қыркүйекте Жамбыл облысының Меркі ауданына қарасты Қостоған ауылында болған.

TANK 500 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысқан.

«Салдарынан "ВАЗ" жүргізушісі мен жол талғамайтын көліктің 3 жолаушысы қаза тапты, жүргізуші аудандық ауруханаға жатқызылды», - дейді полиция.

Әлеуметтік желіде оқиғаға кінәлі көлік жүргізушісі арнайы жасақ отрядының инспекторы, жекпе-жек спортшысы Сая Әуелбекова екені айтылған. 

Алайда облыстық полиция департаменті жүргізушінің орган қызметкері екендігін жоққа шығарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар