Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Толық мойныдады»: Жанәбіловтердің тұрмыстық жанжал ісіне қатысты сот мәлімдеме жасады

11:52, 02 қазан 2026

Астанада белгілі блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты отбасылық-тұрмыстық жанжал бойынша қозғалған әкімшілік іс тоқтатылды, деп хабарлайды Alash.kz.  

Істің қысқартылуына ерлі-зайыптылардың өзара мәмілеге келіп, татуласуы себеп болды. Сот таратқан мәліметке сәйкес, 30 қыркүйекте блогер шаңырағында жанжал шығарып, жубайы Эльмира Төлегенованың қолынан ұстап, араларында түсініспеушілік туындаған.  

Сот отырысы барысында Ерболат Жанәбілов хаттамада көрсетілген жағдайларды толығымен растады. Ал жұбайы Эльмира Төлегенова күйеуінің өзін ұрып-соқпағанын, тек өзара келіспеушілік орын алғанын жеткізді.  

«Іс материалдарымен Жанәбіловтің бұрын осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылмағаны, құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны, өз кінәсін толық мойындағаны және жасаған ісіне өкінетіні анықталды. Сот жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ», — деп хабарлады сот өкілдері.  

Осылайша, екі тараптың өзара татуласуына байланысты әкімшілік өндіріс толықтай тоқтатылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар