Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қонаевта шетелдік әйелді полиция қызметкерлерінің зорлағанны рас па?

13:49, 01 қазан 2026

Шетелдік әйел Қонаевта өзін полицейлер зорлағанын айтты, деп жазады Alash.KZ порталы sputnik_aitady арнасына сілтеме жасап. 

Желіде тараған ақпарат бойынша 28 жастағы шетелдік әйел өзін жергілікті полицейлер зорлағанын айтып, арызданған.

Айтуынша, полиция оған арызды өз айтқандары бойынша жазғызған. Кейін оның пәтерін аңдып, терезесіндегі торды шешіп, заттай дәлелдерді алып кеткен. 

Ол қорыққаннан үйден шыға алмай жүргенін, медициналық көмекке мұқтаж екенін айтты.

Әйел қолында заттай дәлелдеме – күдіктінің биоматериалы қалған іш киімі бар екенін айтады.

Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«2 ер адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді Алматы облысының полициясы.

Оқиғаның мәні-жайы анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары күдіктілердің полиция қызметкерлері екені туралы ақпаратты нақтылаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар