Швеция әуе стратегиясын қайта қарастырып жатыр. Ресей шабуыл жасаған жағдайда, ел тек өз аумағына жасалған соққыларға тойтарыс берумен шектелмейді. Бұл туралы Швеция Әскери-әуе күштерінің Әуе соғысын жүргізу орталығының басшысы, полковник Карл Бергквист мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
Оның айтуынша, жаңа тұжырымдама шабуылдау әрекеттеріне көшіп, қарсыластың аумағындағы терең нысандарға соққы беруді көздейді. Бұл алдын ала шабуыл жасау емес, тежеу стратегиясы. Яғни ықтимал агрессор соғыс басталған жағдайда қақтығыс тек Швеция аумағында жүрмейтінін алдын ала түсінуі керек.
Стокгольм бұл ретте Украинадағы соғыс тәжірибесіне сүйеніп отыр. Украинада аэродромдарға, штабтар мен логистикалық нысандарға жасалған ұзақ қашықтықтағы соққылар соғыстың бастапқы кезеңінде қарсыластың жұмысын бұзудың маңызын көрсетті.
Швецияның жоспарларында Gripen жойғыштарының алыс қашықтықтағы мүмкіндіктерін күшейту де қарастырылған. Атап айтқанда, ұшу қашықтығы 500 шақырымнан асатын Taurus зымырандарын интеграциялау мәселесі бар.
Бұдан бөлек, швед әскері үкіметтен 2000 шақырымға дейін жететін зымырандар сұрап отыр. Салыстыру үшін айтайық, Стокгольм мен Мәскеудің арасы шамамен 1200 шақырым.
«Ресей шабуыл жасаса, оның барлық аумағына соққы береміз» - Швеция
«Анасын балағаттағаны үшін»: Әйелді өлтіріп, өртеп жіберген павлодарлық сотталды
17:46, 12 қараша 2026
«Әкесін көріп те алуға болады екен»: Төреғали Төреәлі ел күтпеген пікір білдірді (ВИДЕО)
17:30, 12 қараша 2026
«Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да…»: Рүстем Жаныаманов әсерлі жазба жариялады (ФОТО)
17:03, 12 қараша 2026
Кәмелетке толмаған қызды топ болып зорлаған: Қарағанды облысында бес жасөспірім сотталды
15:04, 12 қараша 2026
«Допинг ережесін екі рет бұзған»: Қазақстандық Зейнеп Оразхан спорттан шеттетілді
09:48, 12 қараша 2026
«Үсіп өлген?»: Абай облысында жоғалған адам 7 күннен соң даладан табылды (ВИДЕО)
09:13, 12 қараша 2026
Декларация қабылданды: Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті
22:00, 11 қараша 2026