Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Berlin Today сарапшылары: Қазақстан жеті жылда Орталық Азиядағы позициясын қалай нығайтты

12:11, 02 қазан 2026

Ірі неміс басылымының сарапшылары соңғы 7 жылда Қазақстандағы оң өзгерістердің негізгі драйвері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саясат екенін атап өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

2019 жылдан бері Қазақстан сыртқы әлеммен байланысты нығайта түскен экономикалық жағынан ірі, анағұрлым кәсіпкер мемлекетке айналды. Мұның бәрі бұл елдің табанды түрде жеңіп шыққан қиындықтарға, айталық, жаһандық пандемияның салдарына, жеткізу тізбегінің үзілуіне және геосаяси ортаның уақыт өткен сайын ыдырап бара жатқанына қарамастан жүзеге асты.

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының өсіміндегі басты көрсеткішті статистикадағы құрғақ сандар арқылы емес, адамдардың әл-ауқаты арқылы тікелей өлшеуге болады.

Тоқаев президенттік етіп келе жатқан жеті жылда Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі жартысынан астам өсті. Бұл сыртқы тұрақсыздықтар мен халық санының көбеюіне қарамастан экономика өсімі арта түскенін көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл – Қазақстанды Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде ерекше орынға шығаратын маңызды факторлардың бірі.

Дүниежүзілік банктің өткен жылғы мәліметтеріне сәйкес, елдегі жан басына шаққандағы ЖІӨ шамамен $14 700 құрады. Салыстыру үшін айтсақ, аталған көрсеткіш Өзбекстанда шамамен $4 000, ал Қырғызстанда шамамен $3 100. Бұл Қазақстан экономикасының қазір қарқынды түрде кеңейіп келе жатқанының айқын дәлелі, әрі іскерлік белсенділіктің артуына және инвестициялардың ұлғаюына тікелей әсер етеді.

Сарапшылар неғұрлым айқын өзгерістер жеке кәсіпкерліктің рөлі өсіп келе жатқанынан байқалатынын айтып отыр. Қазақстанда шағын және орта бизнесте шамамен 4,5 млн адам жұмыспен қамтылған. Жеті жыл ішінде өсім 31,6%-ды құрады.

Бүгінгі таңда экономиканың осы секторында Қазақстанның бес тұрғынының біреуі жұмыс істейді. Халықтың кәсіпкерлік белсенділігінің жоғары болуы ШОБ саласы Қазақстанның жұмыспен қамту және экономикалық өсудегі негізгі көздерінің біріне айналатынын айғақтайды.

Елде дәстүрлі салалармен қатар кәсіпкерлік экономиканың да кең қанат жая түскені – Президент Тоқаевтың тұсында қолға алынған экономикалық мүмкіндіктерді тар аяда шоғырлануына жол бермеуге қозғау салған ауқымды әрекеттің бір бөлігі ғана. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанның дамуына байланысты айқындаған стратегиясының экономикалық маңызы өте зор: өсім оған көп адамдар қатыса алатын кезде ғана орнықты бола түседі. Бұған жаңа кәсіпорындар ашуға, өнеркәсіпті, құрылысты және мемлекеттік қызметтерді дамытуға бағытталған саясат ықпал етеді.

Berlin Today сарапшылары: Қазақстан Тоқаевтың басшылығымен Орталық Азияның ірі экономикасы мәртебесін сақтап келеді

Мұндай тұжырымды танымал Berlin Today басылымының сарапшылары жасап отыр. Өз мақаласында олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгеннен бергі жеті жыл ішінде Қазақстанның қалай өзгергенін талдаған.

Табыстың басты факторы ретінде авторлар ел экономикасының өңірде салмақты ұстанымын жалғастыруын және сонымен бірге дамудың келесі кезеңі үшін экономикалық және әлеуметтік негіздердің қалыптасуын көрсетеді.

Мысал ретінде мақала авторлары Дүниежүзілік банктің зерттеулерін келтіріп отыр, оған сәйкес 2025 жылы Қазақстанның номиналды ЖІӨ шамамен $306 млрд-ты құрады. Салыстыру үшін айтсақ, Өзбекстан экономикасы шамамен $147 млрд-қа, ал Қырғызстан экономикасы $22,6 млрд-қа бағаланды.

Сонымен қатар Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің анағұрлым жоғары көрсеткіші, жинақталған инвестициялық капиталы, дамыған қаржы секторы және халықаралық бизнес үшін инфрақұрылымы бар.

Мұның бәрі Қазақстанның өңірлік экономикадағы ерекше рөлін айқындайды. Орталық Азияның бірнеше нарықтарымен бір мезгілде жұмыс істегісі келетін компаниялар үшін бұл елдің алаң ретінде қызмет еткен кездері аз емес.

Неміс сарапшылары Қазақстанның географиялық жағынан тиімді орналасқанын атап өтті. Республика Қытай, Ресей, Каспий аймағы, Кавказ және Еуропа арасында еуразиялық көлік маршруттарын дамытуға қатысып отыр. Бұл өз кезегінде Қазақстанның өңірлік экономикалық және логистикалық алаң ретіндегі рөлін айтарлықтай нығайта түседі.

Berlin Today сарапшылары: Қазақстанның экономикалық өсімі елеулі сипат алып келеді

 Ірі неміс басылымының сарапшылары оң өзгерістерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елде жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың тиімділігімен байланыстырады.

Таяуда жарияланған мақалада сарапшылар соңғы жеті жылда Қазақстанда болып жатқан экономикалық өзгерістерді азаматтардың күнделікті өмірінен жиі байқауға болатынын жазады.

Ең көрнекі көрсеткіштердің бірі – тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының кең ауқымы.

2019 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанда 118,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Халық саны өсіп келе жатқан және урбанизациясы жалғасып жатқан ел үшін бұл ерекше маңызға ие. Қалалардағы тұрғындар саны артып келеді, нәтижесінде пәтерлерге, жолдарға, мектептерге, балабақшалар мен медициналық мекемелерге сұраныс артуда.

Осы кезеңде республикада 761 мектеп пен 345 балабақша салынды. Денсаулық сақтау жүйесі де жоғары қарқынмен кеңеюде. Тек 2023-2025 жылдары Қазақстанда 813 медициналық нысан бой көтерді. Оның 655-і ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық көмек мекемелеріне жатады.

Бұл – қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығына әсер еткен көптеген факторлардың бірі, ол осы жылдар ішінде 2,79 жылға өсіп, 75,97 жылға жетті.

Berlin Today сарапшылары бір маңызды тұсты дәл атап өткен: Тоқаевтың Президенттігі көзқарастырдың өзгеруімен тұспа-тұс келді. Қоғам он жыл бұрынғыға қарағанда жас, сыртқы әлеммен байланысы күшейген әрі талапшыл бола түсті.

Қол жеткізілген жетістіктер Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикасының одан әрі даму үшін нақты негіз қалыптасқанын айғақтайды.

Berlin Today: Қазақстан ішкі өндірістің үлесін дәйекті түрде арттырып келеді

Бұл туралы сарапшылар Қазақстанның соңғы жеті жылдағы дамуына арналған таяуда жарияланған мақаласында мәлімдеді.

Сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігі кезінде ел экономикасы бірден бірнеше негізгі секторларда тұрақты даму мен өсім перспективаларын көрсетіп отырғанын атап өтті.

Ең көрнекі мысалдардың бірі – автомобиль өнеркәсібінің дамуы. Соңғы жеті жылда Қазақстанда 800 мыңға жуық машина шығарылды.

Бұл саланың дамуы тек автоөнеркәсіптің өзі үшін ғана маңызды емес. Құрастыру кәсіпорындарының айналасында жеткізушілер, логистикалық компаниялар, сервистік ұйымдар желісі мен мамандар шоғыры қалыптасуда.

Әрбір жаңа өнеркәсіп нысаны экономиканың бірнеше секторында бірден сұраныс тудырады. Зауытқа құрамдас бөлшектер, көлік, электр энергиясы, техникалық, инженерлік және қаржылық қызметтер қажет. Сондықтан да өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорынның өз аясынан әлдеқайда кең экономикалық әсер туындатады.

Осындай үдеріс басқа салаларда да жүріп жатыр. Қазақстан Үкіметінің мәліметінше, 2025 жылдың соңына қарай арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда 860 жоба жүзеге асырылған. Соның нәтижесінде 57 200-ден астам жұмыс орны ашылды. 2030 жылға дейін бұл аймақтарда тағы шамамен 200 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ 2025–2029 жылдары Қазақстан 140 өндірістік бастаманы іске қосуды жоспарлап отыр.

Бұл ретте Қазақстан табиғи артықшылықтарынан бас тартпай, негізгі салаларды жүйелі түрде дамытып келеді. Тарихи тұрғыдан экономикасы едәуір дәрежеде шикізат экспортына сүйеніп келген Қазақстан үшін өз өндірісі мен өңдеу саласын дамыту стратегиялық маңызға ие. 

Қазақстан қосылған құнды ел ішінде қалыптастыруға сенімді қадам басып келеді. Бұл халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, инженерлік құзыреттерді дамытуға серпін беріп, жергілікті жеткізушілер желісін кеңейтуге және экономиканың шикізаттық емес секторын біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мұнда да сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның географиялық жағдайы өзгеше мәнге ие бола бастайды. Бүгінгідей Еуразия арқылы өтетін сауда маршруттары қайта қаралып жатқан шақта біздің еліміз өзін Қытай, Еуропа, Ресей, Кавказ бен кең жайылып жатқан Орталық Азия арасындағы байланыстырушы буын ретінде көбірек танытуда. Бұл өз кезегінде Қазақстанның әлемдік аренадағы мәртебесін айтарлықтай арттыра түсіп, шетелдік инвесторларды белсенді тартуға ықпал етпек. 

Berlin Today: Қазақстан өңірдегі негізгі экономикалық платформа рөлін атқарып келеді

Ірі неміс басылымының сарапшылары осындай қорытындыға келді. 1 қазанда жарияланған өз мақаласында сарапшылар Қазақстан экономикасының дамуына әсер ететін негізгі факторларды атады.

Басылым шетелдік капиталды тарту мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Мақала авторларының пікірінше, бұл сала Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік бағытының маңызды бағыттарының біріне айналған. Мемлекет басшысы билікке келген сәттен бастап инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға әрқашан үлкен мән берді.

Тек 2025 жылдың өзінде Қазақстан $20,5 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартқан. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,4%-ға көп.

Мұнай, газ, уран және металдар дәстүрлі түрде маңызды рөл атқарып келеді. Алайда инвестициялық белсенділік біртіндеп басқа да бағыттарға – өнеркәсіп, өндіріс, көлік, логистика және өңдеу салаларына таралуда.

Бүгінде Қазақстан инвесторлар үшін табиғи ресурстардың мол қорының арқасында ғана емес, өзге де қырларымен тартымды. Қазақстан Орталық Азияның негізгі экономикалық платформасы рөлін атқарып келеді.

Қазақстанның экономикасы ауқымды, халықаралық бизнеске бағдарланған қаржылық инфрақұрылымы дамыған. Сонымен қатар бірнеше ірі өңірдің жетекші нарықтарына шығу мүмкіндігіне ие. Мұндай үйлесімділікті басқа елде қысқа мерзімде қайталау қиын.

Бұл жаһандық саудадағы өзгерістер аясында айрықша маңызға ие. Логистикалық бағыттардың қайта құрылуы компанияларды жаңа өндірістік алаңдар мен көлік дәліздерін іздеуге итермелеп отыр.

Қазақстан осындай бизнесті тарту үшін өзінің географиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануға ұмтылып отыр. Көлік инфрақұрылымы мен халықаралық бағыттарды дамыту елдің Азия және Еуропа нарықтары арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі рөлін күшейтуі мүмкін.

Бұл республика үшін экономикасын дамытуға қосымша капитал тартуға, жаңа технологияларды енгізуге және жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ халықаралық өндірістік және сауда тізбектеріне неғұрлым тереңірек интеграциялануға жол ашады.

Berlin Today: Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан дамудың келесі кезеңінің экономикалық және әлеуметтік негіздерін қалыптастырып жатыр

Басылымның сарапшылары елдің экономикалық жетістіктеріне арналған мақала жариялаған болатын.

Сарапшылардың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген соңғы жеті жылда Қазақстан ауқымды жұмыстарды қолға алды. Мемлекет экономикалық әлеуетін арттырумен қатар, кәсіпкерлікті дамытып, инфрақұрылымды жетілдіріп, өнеркәсіп өндірісін ұлғайтты.

Жалпы алғанда, бұл үдерістер Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлін біртіндеп өзгертіп келеді.

Сонымен қатар республика өңірдегі көршілес елдердің үлесі есебінен кеңейіп келе жатқан ортақ нарықтың артықшылықтарын тиімді пайдаланып отыр. Қазақстандық өндірушілер үшін бұл – әлеуетті сатып алушылар санының артуын, ал логистикалық компаниялар үшін жүк ағынының ұлғаюын білдіреді.

Сонымен қатар Қазақстан өзінің өндірістік базасын нығайтып, негізінен шикізат экспорттаудан біртіндеп қосылған құны жоғары өнімдерді шетел нарықтарына шығаруға көшуге мүмкіндік жасап жатыр.

Нәтижесінде елдің экономикалық базасы әртараптанып, Қазақстан өңірлік сауда, инвестиция, өндіріс және логистика салаларында анағұрлым елеулі рөл атқара алады.

Сарапшылардың пікірінше, сақталып отырған елеулі сын-қатерлер аясында Президент Тоқаев пен оның командасының соңғы жеті жылдағы атқарған жұмыстары барған сайын нақты нәтижелермен айқындала түсуде. Мысалы, инфляция мәселесі. Бұл ретте экономиканы дамыту және әртараптандыру бағытындағы жұмыстар барған сайын айқын көрініс тауып келеді. Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері қабылданып жатқан шаралардың нақты практикалық нәтиже бере бастағанын көрсетеді.

Мақалада Президент Тоқаевтың прагматикалық және көпвекторлы сыртқы саясатты ұстануына да ерекше назар аударылған. Бұл саясат ірі державалардың арасында орналасқан Қазақстан үшін аса маңызды болып қала береді, ол геосаяси жіктелу жағдайында елге капитал тартуға және маневр жасауды сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар