Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлдана Мырзуан ісі: Сотта көпшілік күтпеген жағдай болды (ВИДЕО)

Ұлдана Мырзуан ісі: Сотта көпшілік күтпеген жағдай болды (ВИДЕО)

Астанада жедел жәрдемнің 23 жастағы фельдшері Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты қылмыстық іс соттан прокурорға қайтарылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл шешім істі басқа қылмыстық өндіріспен біріктіру мәселесін қарау үшін қабылданды. Бұған дейін тергеу соты тұрғын үйді салушы компанияға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны заңсыз деп тапқан болатын.

Жүргізілген құрылыс-техникалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, қайғылы оқиғаға ғимараттағы құрылымдық ақаулар мен құрылыс технологиясының бұзылуы себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты сот істі тек МҮШІ (ОСИ) төрағасына қатысты қарауды мезгілінен бұрын деп таныды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар