Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Халықаралық қарттар күні: Қазақстанда 100-ден асқан қанша қария бар?

15:18, 01 қазан 2026

Бүгін атап өтілетін Халықаралық қарттар күніне орай Ұлттық статистика бюросы еліміздегі аға буын өкілдеріне қатысты мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 60 жастан асқан азаматтардың жалпы саны 2 923 472 адамға жетті. Бұл көрсеткіш ел халқының 14,2 пайызын құрайды. Гендерлік құрам бойынша аға буын арасында әйелдер қауымы басым. 60-тан асқан нәзік жандылар 1,7 миллионнан асса, ер азаматтардың саны 1,1 миллион шамасында.

Елімізде 100 жасқа толған және одан асқан 1 323 қария өмір сүріп жатыр. Өңірлік шоғырлану тұрғысынан алғанда, қарттар ең көп орналасқан аймақтардың көшін Алматы қаласы (328 мың), Түркістан облысы (216 мың) және Қарағанды облысы (212 мың) бастап тұр.

Сонымен бірге, жасы 60-тан асқан 465 мыңнан астам азамат зейнет жасына қарамастан белсенді еңбек етіп, ел экономикасын дамытуға өз үлесін қосуды жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар