Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Аманжол Әлтай Шайыр ауылындағы айтыста орын алған келеңсіз жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, аталған айтысты Одақ ұйымдастырмаған және ол ауылдық деңгейде өткен шара болып табылады. Аманжол Әлтай оқиғадан кейін ақын Мақсат Ақановпен жеке сөйлескенін де жеткізді.
«Мақсат болған жағдайға қатты өкінеді. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайтынына уәде берді», — деді Аманжол Әлтай.
Сондай-ақ Одақ төрағасы Мақсат Ақановты әлеуетті, талантты әрі елдің сүйіспеншілігіне бөленген айтыскерлердің бірі деп бағалады.