Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа рекорд - Астанада қанша халық тұрады?

16:03, 01 қазан 2026
 

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялады. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Астана халқы жаңа межеден асты, деп жазады Alash.KZ порталы Tengrinews.kz дерегіне сүйеніп.

Егер 1 тамыздағы жағдай бойынша елордада 1 690 605 адам тұрған болса, күздің басында еліміздің бас қаласы халқының саны ресми түрде 1 700 385 адамға жетті. Осылайша, бір айдың ішінде елорда халқы шамамен 10 мың адамға көбейіп, 1,7 миллиондық межеден асты. Жыл басынан бергі жалпы өсім 61 209 адамды құрады.

Сонымен қатар Қазақстанның ең тығыз қоныстанған өңірлері болып Алматы және Түркістан облысы қалып отыр: 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мұнда тиісінше 2 387 896 және 2 142 709 адам тұрады. Тамыз айымен салыстырғанда Алматы халқы 8 мыңнан астам адамға өссе, Түркістан облысында 2 мыңнан астам адамға азайған.

Астана, Алматы қалалары және Түркістан облысынан бөлек, 1 миллионнан астам адам мына өңірлерде тұрады:

  • Алматы облысында – 1 615 631 адам;
  • Шымкент қаласында – 1 316 888 адам;
  • Жамбыл облысында – 1 210 084 адам;
  • Қарағанды облысында – 1 130 123 адам.

Қазақстанның халқы ең аз қоныстанған өңірлері мыналар:

  • Ұлытау облысы – 217 274 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 510 756 адам;
  • Абай облысы – 590 702 адам.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың басым бөлігі – 13 236 041 адам – қалаларда тұрады. Жыл басынан бері қала халқы 150 931 адамға көбейді.

Ауылдарда 7 382 755 қазақстандық тұрады. Аталған кезеңде ауыл халқының саны 31 957 адамға азайды.

Қазақстан халқының жалпы саны 20 618 796 адамды құрады. Жыл басынан бері қазақстандықтардың саны 118 974 адамға артты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар