Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен бірдеңені өзгерте аламын ба?" - Каспийде қаза тапқан сарбазға қатысты жүрекжарды жазба жарияланды

17:28, 01 қазан 2026

Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаз Тұрдыбекұлы Мирастың егіз бауыры әлеуметтік желіде ағасына арнап жазба жариялады, деп жазады Alash.KZ.

Ол бала кездерін, бірге ойнап, бірге ер жеткен сәттерін еске алған. Енді сол естеліктермен өмір сүріп, егізінен кейінгі тіршілікке үйренуге тура келетінін жазды.

«Енді сені кім алмастыра алады? Эх… Мен бірдеңені өзгерте аламын ба? Маған сені еске алудан басқа амал жоқ», - деп жазды ол.

Егізі Мирасты әлі де іздейтінін мойындады. Ол бауыры туралы естеліктерді сақтап, оны өзгелерге жеткізгісі келетінін айтты.

Тұрдыбекұлы Мирас ҚР Әскери-теңіз күштерінде матрос-атқыш болып қызмет еткен. Ол Маңғыстау облысында Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар