Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Доллар бағамы неге төмендеді - Ұлттық банк түсіндірді

15:56, 01 қазан 2026

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстан валютасы АҚШ долларына қатысты 4,6 пайызға нығайды. Нәтижесінде ай соңында доллардың орташа бағамы 440,49 теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ

Ұлттық банктің мәліметінше, қыркүйек айында Қазақстан қор биржасындағы валюта саудасының жалпы көлемі 10,4 млрд долларға жеткен. Ал Ұлттық қордан нарыққа 200 млн доллар көлемінде валюта сатылған.

Реттеуші осы кезеңде валюта нарығына интервенция жүргізілмегенін атап өтті.

Ұлттық банктің болжамынша, алдағы уақытта теңге бағамына бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Олардың қатарында салық төлемдерінің кезеңі, әлемдік қаржы нарығындағы ахуал және геосаяси жағдай бар.

Сонымен бірге қыркүйекте алтынмен жүргізілген операциялар аясында нарықтағы өтімділікті азайту мақсатында 374 млрд теңге айналымнан шығарылған.

Ұлттық банк жылдың төртінші тоқсанында шамамен 907 млрд теңгеге баламалы шетел валютасын сатуды жоспарлап отыр.

Реттеуші алдағы кезеңде де икемді айырбас бағамы саясатын жалғастыратынын мәлімдеді. Ұлттық банктің түсіндіруінше, бұл тәсіл нарықтағы алыпсатарлық факторлардың әсерінен болатын айырбас бағамының шамадан тыс құбылуын шектеуге және елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар