Оралда көші-қон қызметінің бұрынғы қызметкеріне сот үкімі шықты. Ол қызметтік жағдайын пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп жазады Alash.KZ.
Сот мәліметінше, 2025 жылдың ақпанында көші-қон қызметінің инспекторы тексеру барысында уақытша тіркеуде тұрған шетелдік азаматтың көрсетілген мекенжайда іс жүзінде тұрмайтынын және жеке тасымалдаумен айналысатынын анықтаған.
Алайда заңда көзделген шараларды қабылдаудың орнына, инспектор осы жағдайды өз пайдасына пайдалануға шешім қабылдаған. Ол шетелдік азаматқа Қазақстанда болуына қатысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ басқа шетелдік азаматқа уақытша тұруға рұқсат рәсімдеуге көмектесуге уәде берген.
Нәтижесінде шетелдіктер үшінші тұлғалардың банк шоттарына жалпы 270 мың теңге аударған. Бірақ инспектор уәде етілген көмекті көрсетуге іс жүзінде ниетті болмаған.
Кейін шетелдіктердің бірін Қазақстаннан шығу кезінде шекарашылар ұстаған. Сот миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін оны елден шығару туралы шешім қабылдады.
Бұрынғы инспектор кінәлі деп танылып, оған 2,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл алынған соманың он есесіне тең.
Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды. Айыппұл сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде төленуі тиіс.
Оралда экс-полицей шетелдіктерден 270 мың теңге алған
Астанадағы балабақшада ерекше балаға қол көтерілді: полиция қылмыстық іс қозғады
18:54, 13 қараша 2026
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026