Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тірі сияқты: 16 жыл бұрын шетінеп кеткен егіздерге ұлттық қордан ақша түскен

18:49, 23 сәуір 2024 2602

16 жыл бұрын шетінеп кеткен егіз ұлдарының тірі екеніне сенімді ана "Көреміз" бағдарламасына келді.

Асылгүл Жүсіпбекова 2008 жылы 22 қыркүйекте Алмат және Арнат есімді егіз ұлды босанады. Бұл – оның екінші жүктілігі еді. Алайда олардың бірі 3 күннен кейін, біреуі 7 күннен кейін шетінеп кеткен. Айтуынша, балалар 7 айлығында мерзімінен бұрын 1 келі 800 грамм болып дүниеге келген. Салмағы аз болғандықтан, оларды вакуумға салған. Анасы оларды сырттай бақылып, сүтін сауып апарып жүрген. 3 күннен кейін кішісі Алмат, одан соң Арнат көз жұмады. Екеуіне де өкпесі жетілмеген деген диагноз қойған. 

“Балалар тірі сияқты сезіледі, жүрегім әлі олар тірі деп тұр. Түсіме екі рет ақ қиген ата кіріп, “балаларың тірі” деп аян берді. Осыны таныстарыма айтсам, “балаларыңды ойлай бергеннен ғой” дейді. Бірақ менің көңілім тынышталар емес”, – дейді ол.

Әрі шақалақтарды көметін кезде дәрігерлер балалардың денесін қатырып, орап, бетін ашпасын деген. Мәйітханадан құжат та бермеген. Сол себепті олар егіздің көз жұмғанын көрмей, сене алмайды.

Есесіне жақында ұлттық қордан екеуіне де 100 доллардан түсіпті. Одан кейін Ақтөбе облыстық білім басқармасынан қоңырау шалып, Арнаттың қай мектепте оқитынын сұрап хабарласқан.

“Қазан-қараша айында білім бөлімі хабарласқанда жылап жібердім. “Арнаттың дүниеден өтіп кеткені қай заман?” дедім. Бұл балаларымның тірі екеніне деген сенімді күшейтті”, – деді Жүсіпбекова.

Мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Құлыбекқызы Самат Арнат есімді бала туралы ақпарат сұратпадық дейді. Сөзінше, ондай бала тізімде жоқ. Алайда Асылгүлге қоңырау шалған мектеп мұғалімі Ақтілек хабарласқанын растады.

Егіздің туыстары баланы өтірік өлді деп саудаға салып жіберуі мүмкін дейді. Өйткені бұған дейін де мұндай бірнеше жағдай болған.

Ақтөбедегі №1 перзентхананың заңгері Роза Жұмабаева бізден ешқандай қате кеткен жоқ, балалар расымен жан тапсырды деп сендірді. Ол базадан қате кетуі мүмкін дейді. Бірақ балалардың құжатын сұрату мүмкін болмады. Өйткені 2019 жылы 12 наурызда өрт болып, құжаттар жоқ болып кетті. 

E-gov-тан екі баланың ЖСН-ын терген кезде біреуі Алматы қаласында, екіншісі Алматы облысы Қарасай ауданы Бұлақты ауылында тіркеуде екен. Алайда сол мекенжайға барған кезде ондай балалар болған жоқ. Жақын маңдағы мектептерде де оқымапты. 

Енді әйел істі қайтадан көтеріп, эксгумация жасауға ниетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар