Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тегіннен тегін жасамаған ғой". Халимназаров ресейліктер жүргізген сараптаманың сырын жайып салды

12:15, 20 сәуір 2024 1174
Салтанат Нүкеноваға қатысты сараптама жүргізіп, қорытындысын сот үстінде маникенге сызып тұрып көрсеткен Тахир Халимназаров ресейлік әріптестерінің сараптаманы қалай жүргізгенін айтып берді, деп хабарлайды Alash.KZ  ұлттық порталы KYN.KZ порталына сілтеме көрсете отырып.
 
Тележүргізуші Дина Төлепберген Халимназаровтан сұхбат алды. Сұхбат барысында қонақтан "ресейлік сарапшылардың бұл әрекеті күткен жаңалық па? деп сұрады.

"Бұны біз күткенбіз. Өйткені практикада бар. Жазғанына сүйенсек, қылмыс болмаған боп тұр ғой", - деп жауап берді сарапшы. 

Сонымен қатар:

"Биоматериалдарды тексермей, тек қана құжаттарға сүйеніп, қорытынды жасау қаншалықты кәсіби?" деген сұрағына "Бұл сараптама емес, екі маманның көзқарастары. Мемлекеттік мекеменің атынан шығып тұрған құжат емес. Екі тұлғаның жазып тұрғаны ғой. Көрдіңіз бе! Оның бәрін тегін жасамайды ғой олар. Ең маңыздысы да осы болып тұр ғой", - деді ол. 

Естеріңізде болса, біз де "Бишімбаев ісіне" араласқан ресейлік мамандардың "күмәнді сараптамасы" ескерусіз қалғанын жазғанбыз. Әйелін өлтірді деген күдікпен бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотында ресейлік сарапшылардың "Салтанаттың өлімі оқиға болған күннен бұрынғы жарақаттарынан болған" деген қорытындысы ұсынылған. Алайда судья істен бұл нәтижені алып тастаған.

Сот сараптаманың көптеген бұзушылықтармен жасалғанын анықтады.

"Сарапшылар жасаған пайымдар, қорытындылардың дұрыстығы күмән тудырады", - деді судья Айжан Құлбаева.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар