Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты хабар: Қазақстандық жас теннисші Алан Құрманғалиев Түркияда қола медаль жеңді

Қуанышты хабар: Қазақстандық жас теннисші Алан Құрманғалиев Түркияда қола медаль жеңді

Қазақстандық жас талант Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында жалауын желбіреткен үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Alash.kz.

Отандасымыз әлемдік доданың жұптық сынында ирандық спортшы Беньямин Фараджимен тізе қосып өнер көрсетті. Жартылай финалдық кездесуде қазақ-иран жұбы Оңтүстік Корея өкілдеріне 0:3 есебімен жол беріп, жарыстың үшінші сатысынан көрінді.

Айта кетейік, бұл — Алан Құрманғалиевтің жаһандық біріншіліктегі алғашқы табысы емес. Ол бұған дейін 2022 жылы өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына бір алтын және бір қола жүлде салған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар