Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраудағы трагедия жайында бірінші болып айтқан хакердің ісі немен бітті? (ВИДЕО)

Атыраудағы трагедия жайында бірінші болып айтқан хакердің ісі немен бітті? (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Атыраулық хакер» деген лақап атпен белгілі Нұрлан Жаңбырбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.

2026 жылдың 26 қарашасында Атырау соты 12 азаматты алдап, оларға жалпы сомасы 13 миллион теңгеден астам материалдық зиян келтірген айыпталушыны кінәлі деп тапты. Іс құжаттарына қарағанда, Нұрлан Жаңбырбаев 2022, 2024 және 2025 жылдар аралығында ақпараттық жүйелердің көмегімен бірнеше адамды сан соқтырған. Ол жұртшылыққа IT курстарын өткізу, бұғатталған әлеуметтік желі парақшаларын ашып беру, аккаунттарды қалпына келтіру және тұрақты табыс көзін табуға үйрету сияқты қызметтерді ұсынған. Бұдан бөлек, инвестиция құю арқылы пайдаға кенелтуге, Jetu такси қосымшасына салынған қаржыны еселеуге, сондай-ақ интернет алаяқтарына жем болған ақшаны қайтарып беруге уәде еткен. Алайда сот бұл әрекеттерді алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін иемдену деп бағалады.

Тергеу мен сот барысында 12 жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 13 361 000 теңгені құрайтыны анықталды. Дегенмен сот отырыстары кезінде айыпталушы жәбірленушілерге 10 392 000 теңге қаражатты қайтарып берген.

Үкім шығару барысында сот Нұрлан Жаңбырбаевтың өз кінәсін мойындап, ісіне өкінгенін, келтірілген залалдың басым бөлігін өтегенін және қарамағында бес кәмелетке толмаған баласы барын жеңілдететін мән-жайлар ретінде назарға алды. Алғашында оған 4 жыл 8 айға бас бостандығын шектеу жазасы кесілгенімен, сот «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң нормаларын қолданды. Нәтижесінде тағайындалған жаза мерзімі төрттен бірге азайтылып, айыпталушы түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар