Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Геннадий Головкин өзі марапаттады»: Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа ҰОК-нің ең жоғары ордені табысталды

«Геннадий Головкин өзі марапаттады»: Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа ҰОК-нің ең жоғары ордені табысталды

Италияда өткен Милан қысқы Олимпиадасында алтын медаль еншілеп, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров Ұлттық олимпиадалық комитеттің (ҰОК) ең жоғары орденімен марапатталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Аталған марапаттау рәсімі 25 қараша күні Астанада өткен Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылды. Басқосу барысында ұйымның 2024–2026 жылдар аралығында атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер белгіленді. Жиын соңында ҰОК президенті Геннадий Головкин отандық спорттың өркендеуі мен олимпиадалық қозғалыстың дамуына сүбелі үлес қосқан спортшылар мен сала мамандарына арнайы наградалар табыстады.

Марапатталғандар қатарында өзге де белгілі тұлғалар бар. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» І дәрежелі құрмет белгісі Данияр Қасқарауов пен Қазақстан таеквондо федерациясының бас хатшысы Арал Садықовқа бұйырды. Ал осы құрмет белгісінің ІІ дәрежесімен ауыр атлеттер Александр Уваров пен Алексей Чуркин, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Тамирлан Тілеулес, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы таеквондо федерацияларының жетекшілері Олжасхан Уәлихан мен Елдос Ахметов марапатталды. Бұдан бөлек, таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионы Айым Серікбаеваға ҰОК-нің Құрмет грамотасы берілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар