Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ер адам ажырасқаннан кейін… Жүрегінде – мың шаршау»: Мөлдір Мұқан жан сырын ақтарды (ФОТО)

«Ер адам ажырасқаннан кейін… Жүрегінде – мың шаршау»: Мөлдір Мұқан жан сырын ақтарды (ФОТО)

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында ажырасудан кейінгі ер мен әйелдің жауапкершілігі туралы жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі желі кеңістігінде тараған пікірмен толық келісетінін білдіріп, отбасы екіге айырылған сәтте ер азаматтардың өз өмірін жаңа парақтан бастауға мүмкіндігі мол болатынын, ал бар ауыртпалық пен тұрмыс тауқыметі әйелдің иығына түсетінін меңзеген:

«Ер адам АЖЫРАСҚАННАН кейін; көбіне жаңа өмір бастауға кетеді. Өзін табуға, ЕРКІНДІК СЕЗІНУГЕ, жеке бақытын қайта табуға мүмкіндік алады. Ал ӘЙЕЛ, ол кетпейді, қалады. Қолында – БАЛА, ойында мың – ЖАУАПКЕРШІЛІК. Жүрегінде мың – ШАРШАУ. Ол бір мезгілде ана да, әке де бола алады. Үйді де ұстайды, ЖҰМЫСЫНДА істейді», — деп бөлісті Мөлдір Мұқан өз парақшасында.

Аталған жазба жарияланған сәттен бастап желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туындады. Көпшілік өнер иесінің бұл ойын бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовпен байланыстырып, жазбаның тікелей соған арналғанын болжады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар