Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сүйінші, Қазақ елі! Нәтиже өте тамаша»: Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

21:00, 15 қыркүйек 2026

VIII шақырылым Мәжіліс депутаты, Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Атырау қаласында дәстүрлі садақ атудан өткен «Алтын Орда» әлем кубогіне 18 елден 200-ден астам мерген қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

“Сүйінші, Қазақ елі!

Қазақтың сұрмергендері әлемде теңдессіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Атырау қаласында айдай әлемге сауын айтқан сайыпқырандардың сайысы өтті. “Алтын Орда” әлем кубогіне 18 мемлекеттен 200 дәстүрлі садақшы қатысты. 

“Алтын Орда” әлем кубогы 3 нысана бойынша өтті:

“Пута” 
“Қалқан” 
“Жамбы”

Нәтиже өте тамаша! Қазақтың дәстүрлі садақшылары жалпы есепте 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль еншіледі. Жалпы есепте БІРІНШІ ОРЫНДАМЫЗ, ағайын!

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан дәстүрлі садақшыларымыздың “Алтын Орда” әлем кубогіндегі жетістігін жіпке тізсем былай: 

 “Пута” нысанасы: 
1 орын - Батихан Айкөркем.

2 орын -  Амангалиев Рустам. 
3 орын -  Сатоев Забит. 

 “Қалқан” нысанасы: 
1 орын - Батихан Айкөркем.
1 орын - Лұқпанов Мұрат.
3 орын - Кәдірман Айгерім. 
3 орын - Шабаев Серікболсын. 

“Жамбы” нысанасы: 
1 орын - Ғалымжанова Әсемгүл. 
2 орын -  Төлеуқанова Ажар. 
2 орын - Кочкаров Анварбек. 
3 орын -  Ахметова Ляззат. 
3 орын - Нұртаев Азамат. 

Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті ретінде барлық жеңімпаздарды және қатысушыларды құттықтаймын. “Алтын Орда” әлем кубогын ұйымдастыруға ат салысқан азаматтарға алғыс білдіремін!”,- деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар