Сондай-ақ әр жылдары Atameken Business телеарнасында атқарушы продюсер, «Евразия» телеарнасында креативті продюсер ретінде еңбек етті.
Еркежан Күнтуған жаңа лауазымында ҚР Президенті Телерадиокешені қызметінің негізгі бағыттарын үйлестіруге атсалысады. Оның міндеттеріне телевизиялық контентті дамыту, ақпараттық және шығармашылық жобаларды іске асыру, өндірістік үдерістерді жетілдіру кіреді.