Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мен барамын. Біреуге ұнамауы мүмкін!»: Зеленский Путинмен кездесу туралы күтпеген мәлімдеме жасады

12:36, 15 қыркүйек 2026

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путин АҚШ-та өтетін G20 саммитіне шақырылған жағдайда, онымен бетпе-бет жолығу үшін Майамиге баруға әзір екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол DW басылымына берген сұхбатында хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Сұхбат барысында Украина басшысы АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен өткен кездесуін тілге тиек етті. Аталған жиында тараптар энергетика, астық мәселесі және қақтығысты бәсеңдетуге (деэскалация) бағытталған алғашқы практикалық қадамдарды талқылаған. Зеленскийдің сөзінше, қазіргі басты мақсат — сөзден нақты нәтиже беретін келіссөздерге көшу.

«"Атысты тоқтату" деген сөз біреуге ұнамауы мүмкін. Оны "бітім" немесе "тыныштық режимі" деп атауға болады. Атауы маңызды емес. Маңыздысы – келіссөзге бастайтын мүмкіндік», — деді Владимир Зеленский.

Ол энергетика мен астық мәселесін тараптар арасындағы сенімді қалыптастыратын алғашқы қадамдар ретінде бағалады.

Журналистер Украина президентіне «Егер АҚШ тарапы Владимир Путинді 14-15 желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырса, не істейсіз?» деген сауал қойған. Бұған ол кідірместен дайын екенін білдірді.

«Мен барамын. Бізге кездесіп, сөйлесіп, шешім қабылдау керек. Маңыздысы – не айтатынымыз емес, нәтиже», — деп түйіндеді Украина басшысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар