Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық құндылықтар мен шаңырақтың шайқалуына себепкер болатын әйелдерге қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі бөтеннің отбасын бұзғандардың жеке басын көпшілікке әшкерелейтін арнайы парақша ашу идеясын ортаға салды.
Бұл туралы әнші Instagram парақшасындағы оқырмандарымен бөлісіп, 4 баласы бар ер азаматтың отбасын бұзып жатқан әйелдің әрекетін сөзге тиек етті.
«Отбасын бұзған әйелдердің түрін инстаға шығарып, халыққа таныстырып тұратын парақша ашамыз ба? 4 баласы бар еркекпен жүріс жасап, осы әйел үшін бір отбасы ажырасып жатыр. 1 сағат тұрсын сосын алып тастаймын», — деп ашынды Жазира Байырбекова.
Эстрада жұлдызының бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көпшіліктің қолдауы мен қызығушылығын тудырды.