Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қылмысқа жағдай жасады»: әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апатқа қатысты полиция сотқа тартылды

17:29, 15 қыркүйек 2026

Алматыда қалалық Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісі болып жұмыс істеген Әсет Жақсылықовқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Ол Әл-Фараби даңғылында болған адам өлімімен аяқталған қайғылы жол-көлік оқиғасына байланысты сотта жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жауап алу барысында мемлекеттік айыптаушы қызметтік көлікті бақылаусыз пайдалану және тиісті қадағалаудың болмауы осы қылмысқа тікелей жағдай жасаған болуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

«Бұл жағдайда біз қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін заңбұзушылықтарды көріп отырмыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін автокөлік шаруашылығында болуы тиіс автокөлікті бақылаусыз пайдалану және жауапты тұлғалар тарапынан бақылаудың болмауы осы қылмысқа жағдай жасады», — деді прокурор.

Сондай-ақ сот залында сотталушы Әсет Жақсылықовтың өзі де бұл жайтты растап, қызметтік көлікті арнайы автокөлік шаруашылығы аумағынан тыс жерде қалдыруға оған ешкім рұқсат бермегенін мойындады.

Қазіргі уақытта аталған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар