Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кенесары ханға тіл тигізген қос қырғыз қызы үшін Бішкек университеті кешірім сұрады (ВИДЕО)

16:22, 15 қыркүйек 2026

Қазақстан тарихы мен Кенесары ханға қатысты айтылған пікірлері үшін әлеуметтік желіде үлкен дау тудырған қырғызстандық студенттер оқитын ЖОО байланысты Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Alash.kz.

Белгілі болғандай, бейнежазбада бой көрсеткен қыздар бұған дейін Қ. Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетімен (БМУ) арадағы академиялық алмасу бағдарламасы шеңберінде ЕҰУ-да уақытша білім алған. Олар 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестрінде оқып, оқу мерзімі аяқталған соң Қазақстаннан кетіп қалған.

Орын алған оқиғадан кейін БМУ басшылығы Еуразия ұлттық университетіне ресми хат жолдады. Білім ордасы өз хатында желіде таралған пікірлер студенттердің ойланбай айтқан жеке көзқарасы екенін жеткізді. Сондай-ақ бұл әрекет БМУ-дың, оның басшылығының, профессорлық-оқытушылық құрамының немесе өзге студенттерінің ресми ұстанымын ешбір жағдайда білдірмейтінін баса айтып, студенттердің әдепсіз қылығы үшін кешірім сұрады.

Қазіргі уақытта Бішкек мемлекеттік университеті тарапынан аталған екі қыздың білім ордасындағы оқуын одан әрі жалғастыру мәселесі мен оларға қолданылатын тәртіптік шаралар қарастырылып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар