Экс-министр Ерлан Нысанбаев Премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады.
Ерлан Нысанбаев бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған.
Оның орнына Әлібек Қуантыров келді.
Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.
2014-2019 жылдары ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.
2019 жылғы шілдеден 2021 жылғы мамырға дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап Экология министрлігін басқарды.