Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Екі жыл бойы зорлап, ақша үшін басқаларға беріп отырған": Қызылордалық бапкердің қылмысы әшкере болды (ВИДЕО)

11:52, 15 қыркүйек 2026

Қызылорда облысында 14 жасар мектеп оқушысын екі жыл бойы зорлап, жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен көгалдағы хоккейден 38 жастағы жаттықтырушы ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиғаның егжей-тегжейі бойжеткеннің туыстарына ашық айтуға батылы барып, полицияға шағымданғанынан кейін белгілі болды.

Жәбірленушінің сөзінше, бәрі 2024 жылы Талдықорған қаласында өткен жарыс кезінде басталған. Пәтерде жалғыз қалған бойжеткенге бапкері шай әкеп берген. Шайды ішкеннен кейін есінен танған оқушы таңертең оянғанда ішкі киімінен қан дақтарын көріп, қасында жаттықтырушысының жатқанын байқаған. Ер адам болған жайтты видеоға түсіріп алғанын айтып, оны ата-анасына көрсететінін және желіде тарататынын айтып бопсалаған.

Осыдан кейін қорқыныш пен қысымда болған бойжеткенге қатысты зорлық-зомбылық екі жыл бойы созылған. Сонымен қатар, 38 жастағы бапкер оны ақша үшін басқа ер адамдарға да беріп отырған.

Болған жайтты туыстары арада екі жыл өткенде біліп, арты үлкен жанжалға ұласқан. Жәбірленушінің отбасы мен бапкер арасындағы қақтығыстың салдарынан бойжеткеннің ағасы уақытша ұстау изоляторына жабылса, анасы үйқамаққа алынған.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті аталған іс бойынша екі күдіктінің бапкер мен оның танысының ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынғанын растады. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аяқталып, процесс қатысушылары іс материалдарымен танысып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге де егжей-тегжейлі ақпараттар жария етілмейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар