Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Екі баланың көз алдында болған»: Астанада тұрмыстық жанжал кезінде ерлі-зайыптылар қаза тапты (ВИДЕО)

17:43, 15 қыркүйек 2026

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде отбасылық жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Өзара сөзге келіп қалған ерлі-зайыптылар оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Куәгерлер мен көршілердің айтуынша, сұмдық жағдай 12 және 14 жастағы екі кәмелетке толмаған баланың көз алдында болған.

Орын алған қайғылы оқиғаға қатысты Астана қалалық Полиция департаменті ресми түрде түсініктеме берді.

«Адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жайттың барлық себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», — деп хабарлады Астана қаласы ПД өкілдері.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар