Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ-та үш баланың анасы ұсталды: СІМ қазақстандық әйелге қатысты мәлімдеме жасады (ФОТО)

17:00, 15 қыркүйек 2026

Әлеуметтік желіде қазақстандық әйелді АҚШ-та Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) ұстағаны туралы ақпарат тарады. Аталған мәліметті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тексеріп, істің мән-жайын ресми түрде түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz.

СІМ оқиғаның неден болғанын растап, дипломаттардың іске араласқанын жеткізді.

«Қазақстан азаматшасын АҚШ-та заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты Флорида штатының аумағында АҚШ иммиграция қызметінің қызметкерлері ұстап алған. Қазақстандық дипломаттар қажетті консулдық көмек көрсету мақсатында АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматшаның отбасымен байланыс орнатқан», — деп хабарлады ҚР СІМ өкілдері.

Бұған дейін Instagram желісіндегі salty_sssalt парақшасында осы жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірген жазба жарияланған еді.

«12 қыркүйекте үш баланың анасы болып отырған құрбымызды ICE қызметкерлері қамауға алды», — делінген аталған жазбада.

Алайда бұл жарияланым авторлары әйелдің нақты қандай себеппен ұсталғанын және оның қазіргі жағдайы қандай екенін егжей-тегжейлі көрсетпеген болатын.

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) елдегі көші-қон заңнамасының сақталуын қадағалайды. Олар заңсыз көші-қонға, адамдар мен тауарлардың заңсыз тасымалына қарсы күресіп, терроризмнің алдын алу шараларына қатысады. Аталған қызмет АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігіне қарайды және Кеден мен шекараны қорғау қызметімен (CBP) тығыз әріптестікте жұмыс істейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар