АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы жасамауға келіскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Трамптың айтуынша, Мәскеу мен Киев энергетикалық инфрақұрылым нысандарына өзара соққы жасауды тоқтатуға келіскен.
Сонымен қатар АҚШ президенті әлемдік нарықтағы дизель отыны бағасының өсуіне Иран төңірегіндегі шиеленістен гөрі Ресей мен Украина арасындағы соғыс көбірек әсер етіп отырғанын атап өтті.
«Украина Ресейдің энергетикалық нысандарына шабуыл жасамауға келісті. Ресей де дәл солай істеуге уағдаласты. Әлемдік нарықтағы дизель отыны бағасының өсуіне негізінен Ресей мен Украина арасындағы соғыс себеп болып отыр, Иран емес», – деп жазды Дональд Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында.