Атырау облысында болған қайғылы оқиғадан кейін көпшіліктің назарына түскен Ақбаян Мұқанғалиеваның өз перзенттерімен кездескен видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.
Интернетте тараған бейнежазбада оның жасөспірімдерді бейімдеу орталығында уақытша орналасқан балаларымен жүздесіп, оларды сағынышпен құшағына алған сәттері таспаланған.
Бұған дейін белгілі болғандай, Ақбаян Мұқанғалиева тамыз айында Психикалық денсаулық орталығында емделіп шыққаннан кейін балаларымен кездесуге мүмкіндік алған болатын. Қазіргі уақытта ол жақындарының қамқорлығында, ал туыстары бұл жүздесудің оның психологиялық жағдайын оңалтуға әрі эмоционалдық тұрақтылығын қалпына келтіруге оң ықпал ететінін айтады.
Оның етжеңдес жақындары емделу процесіне қажетті барлық жағдайды жасап, алдағы уақытта толық сауығып, перзенттерімен бірге бұрынғы қалыпты өмір салтына оралатынына үміт артып отыр.