Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«15 жерден пышақтаған»: Семейде 9-сынып оқушыларының жанжалы туралы дерек шықты (ВИДЕО)

10:27, 15 қыркүйек 2026

Семей қаласында 13 жастағы екі сыныптас бір-біріне пышақ салды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бірге күреске қатысып, дос болып жүрген 9-сынып оқушылары сабақтан кейін ат үйретпек болып кездескен. Алайда, аяқ астынан шыққан жанжал кезінде олар бір-біріне пышақ ала жүгіріп, ауыр жарақаттар келтірген. Қазіргі уақытта жасөспірімнің бірі үйінде емделіп жатса, 15 жерден пышақталған екіншісі – Омар аурухананың жансақтау бөлімінен бүгін ғана хирургияға ауыстырылды.

Үсті-басы қанжоса болған Омар қашып шығып, әпкесінің үйіне барып паналаған. Туыстары оның бүйрегі мен өкпесі қатты зақымданғанын айтады.

«Шамамен отасы 6 сағаттай болды. Дәрігердің бізге айтуы бойынша, 10-15 шақты жерден пышақтаған.. Біз арқасында ғана деп ойладық. Сөйтсек, жанбас жағында да бар. Ойнауға барамыз деп шақырғанан кейін, ойында ештеңе жоқ, бірге еріп барған. Ондай жағдай болатынын өзі де білмеген. Аяқ асты болды. «Қашып құтылдым» деді», — деді Омардың әпкесі Ләззат Камзаева.

Жедел жәрдеммен ауруханаға түскен екі оқушының біреуінің денесіндегі жарақаты жеңіл болғандықтан, амбулаториялық емделуге үйіне жіберілген. Ал кансыраған Омарға шұғыл түрде күрделі операция жасалды.

«Іш қуысына өткен пышақ жарақаты, оң жақ бүйрек паренхимасы мен үлкен шарбы зақымданған, іш қусына қан кетіп асқынған. Денесі мен аяқ-қолында көптеген пышақ жарақаты. І дережелі геморрагиялык шок. Қарқынды терапия бөлімшесінде шұғыл диагностикалық және емдік шара жургізілді. Төрт сағат бойы ота жасалды. Қазір баланың жағдайы тұрақты және балалар хирургиясы бөлімшесіне ауыстырылды», — деп хабарлады Семей медицина университеті госпиталінің педиатрия жөніндегі директорының орынбасары Дулат Каримов.

Балалар білім алатын №52 мектеп әкімшілігі бұл жайтқа таңғалғанын білдірді. Олардың айтуынша, оқушылар бұған дейін ешқандай жағымсыз қылықтарымен көзге түспеген, тәртіпті әрі үлгілі балалар болған.

«Екі бала да мектепте есепте немесе қалада есепте жоқ, ешқандай құқық бұзушылықпен тіркелмеген. Екеуі де бір сыныпта оқиды. Жақсы достар. Аяқ асты болған оқиғаны түсініспеуден болды деп естідік. Өйткені мектептен тыс, өз үйіне барып, одан шығып, түстен кейін болған оқиға», — деді №52 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Гүлжан Сағымғали.

Қазіргі таңда полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша бір-біріне қару сілтеген мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары полиция есебіне алынатын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар