Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соғыстың бесінші күні...

07:35, 28 ақпан 2022 221
Ресейдің Украинаға соғыс ашқанына бесінші күні. Ресей әскері о баста қойған мақсаттарын толыққанды орындай алмады. 



Блицкриг іске аспады. Киевті бір күнде аламыз деген жоспарлары да тас талқан болды. Ресей әскері Харьков, Сумы, Херсон бойында тоқтатылды. Ал Киев маңына бірнеше мәрте жіберген десанттық күштері Гостомель бойында талқандалды. Ресей Киевті алу мақсатында Қадыров күштерін де қолдануда. Нақтылап айтқанда Қадыровқа бағынатын 10 мың жасақ Украина аумағында соғысуда. Сонымен бірге "Вагнер" жендеттері де Украина жеріне келгені жайлы ақпараттар бар.

Соған қарамастан ірі қалаларды басып алу іске аспады. Әскери шығын 4 мың адамнан асады, жүздеген темір-терсегін қоспағанда.



Ресейдің агрессиясы үшін әлем жазалауды бастап кетті. Экономика саласы бойынша оңдырмай санкциялар салып жатыр. Еуропа елдері Мәскеудің бірқатар банктерін SWIFT-тен ажырату туралы шешім шығарды. Бұған дейін бұл шешімге Германия мен Венгрия қарсы болып келген еді. Енді бірауыздан қолдады.

Жекелеген тұлғаларға да сагкциялар салына бастады. Путин мен Шойгу-ден бастап өзге де ірі шенеуніктер санкция астында қалды. Еуропадағы ресейлік олигархтардың мүліктері мен активтері, қаржылары бұғатталды. Ресей банктеріне салынған санкциялар қаржылық секторының жартысына тең активті бұғаттады.

Еуропа елдері агрессор үшін әуе кеңістігін толық жапты. Ресейге соңғы үлгідегі көліктер мен жоғары технологияны жеткізбеу мәселесі қаралуда. Еуропа елдері өз порттарын Ресей үшін жауып тастамақ. Санкцияға тек қана Еуропа мен АҚШ емес, сонымен бірге Канада, Оңтүстік Корея, Жапония да қосылды.

Әлемнің өркениетті елдері Ресейді оқшаулауды толық қолдап отыр. Ресейдің өзінде Путинге қарсы наразылық акциялары өтуде. Ал спорттық ұйымдар мен ән байқаулары ресейлік өнерпаздарды жарыстардан алып тастауда немесе Ресей туы мен гимнін қолдануға тыйым салды.

Украина бірнеше ресейлік шабуылды сәтті тойтарғанын мәлімдеп, Еуропа елдерінен қару беруді сұрады. НАТО Киевке түрлі қару жеткізуді мақұлдады, соның ішінде алғаш реті ұшақтар мен әуе қорғаныс жүйелері де берілуі мүмкін. Сонымен қатар Украина билігі шетелдік еріктілер Украина үшін соғысам десе, арнайы легиондардың құрылуына рұқсат етті. Киев әр әскери үшін айына 100 мың гривна төлемек. "Соғысты толық жеңіспен аяқтағанша бұл төлем тоқтатылмайды" дейді Зеленский.

Күтпеген жаңалық соғыстың төртінші күні Беларусь тарапының ұйымдастыруы бойынша Ресей мен Украина арасында келіссөздер өтетіні айтылды. Келіссөз Беларусь жерінде өтпек, алайда украиналық делегация қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Польша арқылы баруды ұйғарған. Сондықтан кеше өтуге тиіс келіссөздер бүгінге қалдырылды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 315