Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кемінде үш атом электр станциясы салынады". Қазақстандағы АЭС-ке қатысты тағы бір маңызды дерек шықты

09:32, 18 сәуір 2026

Қазақстанда атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы бекітілді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Құжатқа сәйкес, елде кемінде үш атом электр станциясы салынады. Алғашқы АЭС Жамбыл ауданы аумағында бой көтермек. Екінші станцияның құрылысы әлі талқыланып жатыр, ал үшінші нысан үшін шағын модульдік реакторлар технологиясын қолдану мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінің мәліметінше, стратегия энергетикамен қатар өнеркәсіп, ғылым, қауіпсіздік және кадр даярлау бағыттарын да қамтиды. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі ретінде бұл бағыттағы әлеуетін сақтап, ел ішінде отын өндіру мен өңдеуді кеңейтуді көздеп отыр.

Құжатта атом энергетикасын дамыту электр энергиясы тапшылығын жабу және энергия көздерін әртараптандыру үшін маңызды екені атап өтілген. Болжам бойынша, 2032 жылға қарай елге қосымша шамамен 2,6 ГВт қуат қажет болады. Әсіресе бұл қажеттілік оңтүстік және батыс өңірлерде айқын сезіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар