Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Желіде имамдар мен дінге тіл тигізгендер жазаланады". ҚМДБ имамдарға қатысты мәлімдеме жасады

19:48, 18 сәуір 2026

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) соңғы уақытта әлеуметтік желілерде ислам дініне, Құранға, Қағбаға және Мұхаммед пайғамбарға қатысты сын-пікірлердің жиілегеніне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазды  Alash.kz. 

Діни басқарманың хабарлауынша, мұндай жазбалар қоғам ішінде алауыздық тудырып, тұрақтылыққа кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ҚМДБ жұртшылықты жауапкершілікке шақырып, арандатушылық сипаттағы ақпараттарды таратудан сақ болуға үндеді.

Мәлімдемеде имамдарға қатысты жиі айтылатын айыптауларға да тоқталған. Атап айтқанда, “заңсыз неке қияды” және “балаларды сабақ уақытында мешітке жинайды” деген пікірлер шындыққа жанаспайтыны айтылды. ҚМДБ мәліметінше, мешіт қызметкерлері балаларды сабақ уақытында мешітке шақырмайды және олардың зайырлы білім алуына кедергі келтірмейді.

Сонымен қатар, басқарма діни алауыздыққа итермелейтін немесе қоғамда іріткі салатын ақпараттарды таратқандар заң алдында жауап беретінін ескертті. Қажет болған жағдайда ҚМДБ мұндай жағдайлар бойынша құзырлы органдарға жүгінетінін мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар