Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әкеміз ауыр диагнозбен келді". Белгілі айтыскер-ақынның өңеш қатерлі ісігі дертіне шалдыққаны хабарланды

09:44, 18 сәуір 2026

Белгілі айтыскер, дүлдүл ақын Айтақын Бұлғақовқа өңеш қатерлі ісігі диагнозы қойылғаны белгілі болды. Бұл туралы оны емдеп жатқан клиника мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Медицина мамандарының айтуынша, науқас дер кезінде жүгінген. Әсіресе, оның ұлы әкесінің жағдайына алаңдап, уақыт жоғалтпай, ем іздеуге бар күшін салған. Алдымен Түркиядағы екі бірдей клиникада тексеруден өткеннен кейін, отбасы емді жалғастыру үшін басқа медициналық орталыққа жүгінген.

Клиника өкілдері бұл жағдайды «өмір үшін қабылданған маңызды шешім» деп бағалап отыр. Олардың сөзінше, қазіргі таңда науқастың жағдайында үміт бар, әрі толық жазылып кету мүмкіндігі жоғары.

«Дұрыс ем, білікті дәрігерлер және уақытында басталған күрес – адамға жаңа өмір сыйлай алады», – деп атап өтті мамандар.

Қазіргі уақытта Айтақын Бұлғақов ем қабылдап жатыр. Жақындарының айтуынша, оның рухы мықты, жанында қолдаушы отбасы бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар