Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраудағы қаралы оқиға: Жангелдин тұрғындары марқұмдардың бейітін көтерді (ВИДЕО)

12:53, 19 сәуір 2026

Атырау облысы, Жангелдин ауданы түрғындары қаскөй қолынан қаза болған марқұмдардың мәңгілік үйін тұрғызды, деп жазады Alash.kz.

Жангелдинге арнайы құран бағыштап барған КТК телеарнасы журналисі Жанат Молдашова былай деп жазды:

«Бүгін Жангелдин ауылында қылмыскер қолынан қаза болған марқұмдар Мақсот Мұқанғалиев, жұбайы Нәсіп Өтешқалиева және ұл-қызы Наурыз бен Мейрамгүлдің бейітін көтеріп, ауыл халқы ағайын-туыспен бірге құран бағыштады».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар