Қытайда өткен дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар Айдар Арапов пен Аруна Жангельдина қола медаль иеленді, деп хабарлайды Alash.kz.
90 келі салмақ дәрежесінде күрескен Айдар Арапов қола үшін белдесуде Қырғызстан өкілі, 2024 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Ерлан Шеровты жеңді. Ал 78 келіде сынға түскен Аруна Жангельдина Қытай Тайбэйінен келген қарсыласынан басым түсті.
Ал Нурлыхан Шархан мен Аида Тойшыбекова жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Олар Қытай және Өзбекстан спортшыларына есе жіберіп, турнирді бесінші орынмен аяқтады.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын және 4 қола медаль жеңіп алып, командалық медаль кестесінде сегізінші орынға тұрақтады. Турнир қорытындысы бойынша көш басында Моңғолия құрамасы болды.